Ешанкулов Шырынбек Калтайұлы 1957 жылы 23 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Қызыл әскер елді мекенінде туылған. Білімі жоғары. Отбасында 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, немерелер сүйіп отырған азамат.
Еңбек жолын 1974 жылы «Ғ.Мұратбаев» совхозының құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастады. 1975-1977 жылдары әскери борышын өтеген. 1977-1983 жылдары Алматы қаласында Қазақтың ауылшаруашылығы институтын бітіріп, экономист-бухгалтер мамандығын алған.
Институтты бітіргенен соң 1983-1992 жылдары аралығында Сарыағаш қаласындағы №204, кейіннен №306 ПМК-да жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін абыроймен атқара жүріп, осы кәсіпорынның кәсіподақ ұйымын да басқарған.
Кеңестік жүйе тарқап тоқырау заманы келген тұста,
— 1992-1993 жылдары Сарыағаш ауданы әкімшілігінің жекешелендіру комитетінің аға маманы,
— 1993-1995 жылдары «Перизат-Холдинг» компаниясының менеджері, маркетингі бөлімінің меңгерушісі қызметінде жүріп аудан, қала экономикасының қарқынды дамуына елеулі үлес қосты.
Мемлекеттік қызметте:
— 1996-2005 жылдары Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас үнемдеушісі, бөлім бастығы,
— 2006-2011 жылдары Сарыағаш аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының тексеруші маманы, бөлім меңгерушісі,
Бұдан бөлек, арасында 2012-2015 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, 2015 – 2018 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директоры болып жұмыс атқарды.
Осы жылдар аралығында Шырынбек Қалтайұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмыссыздық деңгейін азайтуға қосқан үлесі орасан зор. Жұмыс істеген лауазымдарында өзінің ұйымдастырушылық, іскерлік, еңбек сүйгіштік қасиеттерімен көзге түсті және Сарыағаш ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарына өз үлесін қосып келуде. Мемлекеттік қызмет саласында көп жылғы сіңірген еңбегі және ауданның қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Сарыағаш аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттары және облыстық жұмыспен қамту басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері.
Сонымен қатар, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облысқа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісінің және 2018 жылы «Сарыағаш қаласына 50 жыл» және 2019 жылы «Сарыағаш ауданына 80 жыл» мерекелік төсбелгілерінің иегері.
2018 жылдан бері Сарыағаш аудандық «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқаруда. Кәсіподақ саласында жұмыс істеген мезгілінде өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік қасиеттерімен көзге түскендігі, қала, облыс, аудан көлемінде өткізіліп отырылатын барлық іс-шараларға белсене қатысып, кәсіподақтың дамуы мен қалыптасуына сіңірген қажырлы еңбектерінің арқасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Ендеше, Шырынбек Қалтайұлының кәсіподақ саласының беделін арттыруға қосқан зор үлесі мен қызметіне алғыс айта отырып, алдағы уақытта жұмыстарыңызға табыс тілейміз.