Ұстаз еңбегі – өлшеусіз… — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұстаз еңбегі – өлшеусіз…

30.04.2023
Жаңалықтар
0
Ұстаз еңбегі – өлшеусіз…

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайықты жандар. Соның бірі – ұстаз Вахиджан Сабиржанұлы.
Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі — бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
«Еңбек адамы» айдарының бүгінгі күнгі шығарылымының кейіпкері — ұстаз, алғашқы әскері дайындық пәнінің мұғалімі Султанов Вахиджан Сабиржанұлы. Бүгінде Вахиджан Сабиржанұлы отбасында 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған, отбасының тіреуі — бақытты әке.
Ол 1982 жылы 5 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Қарнақ ауылында дүниеге келген. 2000 жылы «Қарнақ» жалпы орта мектебін тәмәмдап, ары қарай білімін шыңдау мақсатында осы жылы Халықаралық Қазақ — Түрік университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы аталған оқу орнын ойдағыдай бітіріп шығады. 2005 – 2006 жылдар аралығында Отан алдындағы парызын өтеу мақсатында әскер қатарында өз борышын атқарады.
Ұстаздық еңбек жолын 2008 жылы өзі білім алған «Қарнақ» жалпы орта мектебіне алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, бүгінгі күнге дейін білім беру саласында еңбек етіп келеді. 2016 жылдан бастап мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы міндетін атқарады.
Вахиджан Сабиржанұлы — ешқашан мойымайтын, ойына алғанын іске асыратын нағыз еңбек адамы. Бастауыш кәсіподақ ұйымында да белсенді. Әріптестерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуына әркез көмек беріп, қолдау көрсетеді.
Сырттай қарапайым болғанымен, Вахиджан Сабиржанұлының еңбек жолында жеткен жетістіктеріде аз емес.
2018 жылы «Үздік алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі» Алғыс хатымен, облыстық және қалалық құрмет грамоталарымен;
2014 жылы «За заслуги в патриотическом воспитании молодежи» және 2021 жылы « Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған.
Шынайы ұстаздың шәкірттері де әр жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда көзге түсіп, жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Атап айтсақ:
2017 — 2019 оқу жылдарында облыстық «Айбын», «Жас Бүркіт» «Алау» әскери патриоттық сайыстарында жүлделі орындарға иеленді.
2019 жылы Щучинск қаласында өткен Реапубликалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасында жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жас та болса жоғары белестерден көрініп жүрген ұстазымызға алдағы уақытта жұмыстарына шығармашылық табыстар тілей отырып, әлі де қаншама дарынды балалар тәрбиелеп, мектептің сапасын ең жоғары дәрежеге көтеретініне сеніммен айта аламыз. Себебі ұстаз жаны өте көркем, жүзі жылы және жүрегі мейірімге толы, ал еңбегі ерен.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРЫНДЫ ҰСТАЗ, ДАРА БОЛМЫС

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.