ЕҢБЕК АДАМЫ — ҰСТАЗ АТАБЕК САЙПИРОВ — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ — ҰСТАЗ АТАБЕК САЙПИРОВ

24.04.2023
Жаңалықтар
0
ЕҢБЕК АДАМЫ — ҰСТАЗ АТАБЕК САЙПИРОВ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» — деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайықты жандар. Соның бірі — ұстаз Сайпиров Атабек Мирзаханович.
Мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз 1976 жылы 16 ақпанда бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің «Шығыстану» факултетіне оқуға түсіп, 1996 жылы осы оқу орнын филолог, қытай, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Өз еңбек жолын 2008 жылы Ескі Иқан негізгі мектебіне әлеуметтік педагог қызметінен бастап, 2012 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін №25 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білімін әрдайым жетілдіріп отыратын ізденімпаз маман Атабек Мирзаханұлы, берік ұстаныммен қатар өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды, өз жұмысына адал, кішіге үлгі болып, барлық тәжірибелерімен бөлісіп оларға үйретумен келеді. Білікті ұстаз, кәсіподақ мүшесі.
Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде қажырлы еңбегі ескерусіз қалмай 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан бөлек, бірнеше рет Білім басқармасының, Түркістан қаласы әкімінің, Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаттарының иегері атанған.
Сонымен қатар 2020 жылы Алматы қаласы республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемі» баспа бетінде авторлық жұмысы жарияланған болатын.
Бақытын еңбектен таба білген ұстаз бүгінде бір қыз, бір ұл өсіріп отырған қамқор әке. Осы орайда білім сапасының артуына өз үлесін қосып жүрген ұстазымыз Атабек Мирзаханұлына зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне сәттілік, жұмысына табыс тілейміз!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «СЕРПІН-2050» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЕЛ АРАЛАП, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРІП ЖҮР

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
294
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
236
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.