Алтын аспаннан жауған жоқ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алтын аспаннан жауған жоқ

02.05.2023
Жаңалықтар
0
Алтын аспаннан жауған жоқ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауларының бірінде «Еңбек адамы қадірленсін» дегенді айтты. Президенттің сөзін нақтылай түссек, ол былай деген болатын: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады».
Еңбек адамы деген – жер қазып, егін салып, кірпіш қалап жатқан қарапайым жұмысшы ғана емес. Әрине, олардың еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ, білім беру ісі де – инемен құдық қазғандай қиын іс. Осы қиын салада үлкен табыстарға қол жеткізіп, мектептің атын қазақ еліне таныту екі адамның бірінің қолынан келе бермейді.
Әңгіме Жетісай ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны ұзақ жыл басқарған, жергілікті халық «Алтын мектеп» деп атап кеткен, әйгілі білім ордасының қалыптасуына зор үлес қосқан Өмірхан Қозыбақ жайлы болып отыр. Іс тетігін кадр шешетінін ескерген Омекең осыдан отыз бес жыл бұрын аталған білім ордасының тізгінін қолына алғанда ең алдымен айналасына мықты мамандарды шоғырландырды. Талапты күшейтіп, әр мұғалімнің сабағына қатысып, педагогтік қарым-қабілетін байқайды. Осалдық танытқан мұғалімдерді қызметте жүрген көке-жәкелерінің ықпалына қарамай босатып жіберді. Оның орнына өз ісін жетік білетін мамандарды шақырды. Осылайша кіл мықты мұғалімдерден құралған мектеп ұжымы араға бірер жыл салып үлкен нәтижелерге иек арта бастады. Оқушылары өнер байқаулары мен пән олимпиадаларынан жүлдесіз қайтпайтын болды.
Нақты деректерге сүйенсек, ҰБТ жүйесі басталғалы мектеп-гимназияны 1240 оқушы бітірсе, соның 444-і «Алтын белгі», 224-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Атан түйеге жүк боларлықтай бұл алтындар мен жетістіктер өзінен өзі аспаннан жауа салған жоқ. Оның жолында білікті басшының білімі мен ұйымшыл ұжымның еңбегі жатыр. Жыл сайын мектеп-гимназияны бітірушілердің 97-98 пайызы грант иегері атанып жүр. Бүкіл аудан бойынша қол жеткізе алмаған жетістікті бір ғана мектеп бағындырып отырған соң, оған қызығушылықпен қарайтындардың қатары көбейді. Бұл жетістікке күмәнмен қарағандар да, қызғаныш білдіргендер де табылмай қалған жоқ. «Алтын белгі» санынан бұл мектеп өткен жылдары тіпті рекорд орнатты. Яғни, 2021 және 2022 жылдары бітірген түлектер 100 пайыз мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орындарына түсті. Ата-аналар арасында «баламыз Б.Момышұлы мектебін бітірсе, міндетті түрде грантқа ілігеді» деген сенім пайда болды. Сол сенімге селкеу түсірмеген мектеп ұжымы өз кезегінде ата-аналардың үмітін ақтап келеді. Жасы жетпістен асқан мектеп басшысының тілеуін тілеп, «біздің баламыз мектеп бітіргенше Өмірхан ағай жұмыс істей тұрса болар еді» дейтіндер көбейді. Бірақ, бұл – өмір ғой, адамның айтқаны үнемі бола бермейді. Ата-аналардың өтінішімен, жергілікті биліктің ескеруімен зейнет жасынан асып кеткен директор бірнеше жыл бойы келісім-шартпен қызмет етіп келген еді, таяуда Өмірхан Қозыбақ ағай еңбек демалысына шықты. Мектеп ұжымы мен ата-аналар оны зор құрметпен шығарып салды.
Бұл мектептің жиырмаға жуық оқушысы «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдерде білім алып, түрлі салаларда абыройлы қызмет етіп жүр. Оқу ордасы білім көрсеткіштерімен ғана дараланбай, тәрбие жұмысын да жүйелей білген. Соңғы он бес жылда бірде-бір оқушы тәртіп бұзып, ішкі істер органдарына тіркеуге алынбағаны осы сөзіміздің айқын дәлелі бола алады. Бір сөзбен айтқанда, өз жұмысын жетік білген Өмірхан Қозыбақтың өнегелі өмірінен, ілкімді істерінен, үлгілі іздерінен бір нәрсе үйреніп жатсақ, ол ең алдымен өзімізге, одан қалса қоршаған ортамызға керек.
Мақтаулы мектепті 35 жыл басқарып, республика бойынша алдыңғы қатарға шығарған Өмірхан Қозыбақтың алған марапаттары да, елден көріп жүрген құрметі де аз емес. Педагогтар үшін ең мәртебелі марапат саналатын Ы.Алтынсарин медалінен бастап «Құрмет» орденіне дейінгі көптеген құрметті атақтарға ұсынылды. Екінің біріне бұйыра бермейтін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды.
Ел ішінде «Еткен еңбегің рас болса, ең алдымен айналаңда жүрген адамдар бағаласын» деген астарлы сөз бар. Өмірхан Жүндібайұлының жұмысын жоғары бағалаған жерлестері алғашқылардың бірі ретінде оған «Мақтаарал ауданының құрметті азаматы» атағын берді. Мұндай мақтау-марапаттардың тізімі ұзақ. Атап өтерлігі, бұл мектептің тәжірибесі республика бойынша насихатталды. Созақ, Шардара аудандары мен Арыс қаласындағы әріптестері тәжірибе алмасу мақсатында бұларға келсе, өздері Сарыағаш, Келес, Ордабасы аудандарында болып, тәжірибе алмасу семинарларын өткізді.
Сондай-ақ, еліміздің Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, өзіміздің облыстың аудан-қалаларындағы әріптестері де мақтаулы директормен кездесіп, пікір алмасты. Міне, осындай құрметке бөленген адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсе, ол нағыз еңбек адамына берілген әділ баға болар еді.
Ал, сіз қалай ойлайсыз?
А.Жайымбетов
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Халықтың асыл қазынасын сақтаушы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еңбек — еңбексүйгіш жандарды қолдайды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.