ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 9 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

25.05.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан облысында «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерден келген делегация мүшелері қоныс аударуға ниетті азаматтармен кездесулерін жалғастырып жатыр. Бүгін арнайы топ өкілдері Қазығұрт және Төлеби аудандарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Делегация құрамында «Отандастар қорының» сарапшысы Мыңбай Әлфараби, «TAUEKEL» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов, облыстық маслихат депутаты Жаңабай Ағабеков, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов болды.
«Теріскейдің жері құнарлы, егіншілікке өте қолайлы. Картопты мүлдем суармайсың деуге болады. Сонымен қатар, солтүстікте 70 мың оқушының 18 мыңы ғана қазақ сыныбында оқиды. Кей ауылдарда бірінші сыныпқа 4-5 ғана бала барғалы тұр. Қызмет көрсету саласында ешқандай бәсекелестік жоқ. Наубайхана, шаштараз, әсемдік салонын ашып, өз кәсібіңізді ашуға мүмкіндік мол», — деп түсіндірді Бурахан Дақанов.
Тұрғындардың құжат әзірлеу, өкімет тарапынан қарастырылған жәрдемақы жөнінде Нұржан Нұрашов толыққанды ақпарат берді. Оның айтуынша, көшіп барған отбасы мүшелерінің әрқайсысына бір рет 241 000 теңге, ал тұрғын үй алуына 4 млн теңге беріледі.
«Бүгінде «Серпін» бағдарламасы тоқтап қалу алдында тұр. Оның себептерінің бірі, солтүстікке бағдарламамен барған жас мамандар бірден үйрене алмайды. Оларға моральдік демеу беретін ата-аналардың рөлі өте маңызды. Ата-аналары оларға қолдау беріп, теріскейде қалуына себепші болуы керек. Одан бөлек, теріскейлік оқушылардың білім сапасы оңтүстік балаларынан жоғары. Сіздерде бір сыныпта 28-30 бала болса, бізде 5-7 оқушы болады. Демек, білім беру сапасы да ерекше болмақ», — деді Мыңбай Әлфараби.
Кездесу соңында Жаңабай Ағабеков теріскейге кешуге ниетті азаматтарды қолдап, солтүстікті көріп қайтуға ниетті азаматтар үшін алдағы уақытта тегін көлік ұйымдастыратынын жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ АЛАТЫН ЖАСТАР ІРІКТЕЛІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БУРАХАН ДАҚАНОВ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ – СОЛТҮСТІККЕ КӨШТІҢ НАҒЫЗ «АДАМИ ҺӘМ ҚАЗАҚИ» ИНВЕСТОРЫ»

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
177
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.