ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНАН БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 18 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНАН БАСТАЛДЫ

24.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНАН БАСТАЛДЫ

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысына Солтүстік пен Шығыс өңірлерінен 80-ге жуық адамнан құралған делегация арнайы келді. Олар 3 күн бойы Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Қоныс аудару» жәрмеңкелеріне қатысып, түркістандықтарға ішкі көші-қон процесін түсіндіреді. Делегацияның сапары Мақтаарал ауданында басталды. Жәрмеңке 20 сәуір күні Сайрам ауданында жалғасса, 21-не Түркістан қаласында қортындыланады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған жәрмеңкеге 4 өңір бойынша барлығы 3934 бос жұмыс орны ұсынылды. Делегация өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары және өзге де бағыттар бойынша мамандар тапшы.
Мырзакент кентінде өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне жалпы 500-ге жуық азамат келді. Оларға аталған 4 өңірдің топ құрамындағы жұмыспен қамту орталықтары өкілдері, ауыл округі әкімдері мен жұмыс берушілері кеңес беріп, қоныс аударуға ниетті азаматтарды толыққанды мәліметтермен таныстырды.
Түркістан облысының тұрғындарына ұсынылған салалар бойынша Солтүстік аймақтарда тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік көп екендігі айтылды. Қоныс аударғандар жұмыспен қамтылуымен қатар, ауыл шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысу үшін жер алып өз істерін аша алады.
Мұнан бөлек, азаматтардың әлеуметтік тұрмыс жағдайына да ерекше мән беріліп, түрлі қолдаулар жасалады. Мәселен, қоныс аударуға отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК яғни 241 500 теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Тұрғын үйді жалға алу мен коммуналдық қызметтер ақы төлеу жөнінен шығыстарды өтеу бойынша ауылдық және қалалық жерлерге қоныстануына қарай көмек көрсетіледі.
Еске салсақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері еңбек күші артық Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік аймақтарға халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның мәлімдеуінше, 2015-2022 жылдары аралығында 11 892 адам көшкен. Былтыр республика бойынша 6587 квота бөлінген. Квотаның 32,3%-ы Түркістан облысында игеріліп, 2021 адам қоныс аударып, теріскейлік атанған. Ал биылғы 2 айда 34 отбасы қоныс аударған. Бұл бағытта түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЕЛ АРАЛАП, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРІП ЖҮР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР ҚАТАРЫ КӨП

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
440

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.