ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ АЗАМАТ КӨНЕ КІТАПТАРДЫ ҰН МЕН ШӘЙДІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ АЗАМАТ КӨНЕ КІТАПТАРДЫ ҰН МЕН ШӘЙДІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

22.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ АЗАМАТ КӨНЕ КІТАПТАРДЫ ҰН МЕН ШӘЙДІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.
Осы орайда, Түркістан облысындағы Отырар ауданында көне кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіретін Жанұзақ Ерімбетов есімді азамат тұрады. Ол ескі кітаптардың жыртылған, қырқылған парақтарын жамап, түгендеп береді. Сондай-ақ, ұстағанда үгітіліп тұратын беттерді де ешқандай аппаратсыз-ақ қалпына келтіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Жанұзақ Ерімбетов қағаз реставрациялау жұмысын Иран мемлекетінен үйреніп келген. Кейіннен Алматыдағы ұлттық кітапханада тәжірибесін шыңдады. Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінде «этнографиялық жәдігерлерді қайта қалпына келтіру» бойынша дәріс алып, біліктілігін арттырды. Содан елге оралған соң, көне кітаптарды қалпына келтіру ісін қолға алды.
«Мен бұдан бұрын реставратор болып жұмыс істегенмін. Қыш құмыралар мен түрлі керамикалық заттарды қалпына келтіру жұмыстарын жасадым. Кейіннен қағаз реставрациясына ауыстым. Бұл кәсіпті де меңгеріп алдым. Жалпы, бұл мамандық иелері елімізде өте аз кездеседі. Сондықтан, бізді Түркістанға, Алматыға жиі шақырып тұрады. Тарихи орындарды аралап, біліміміз бен тәжірибемізді бөлісіп келеміз», — дейді ол.
Бүгінде Жанұзақ Әлзақұлы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайында суретші-реставратор болып қызмет атқарады. Негізі жұмысы – тарихи орындардан табылған кітаптарды қалпына келтіру. Одан бөлек, жергілікті тұрғындар музейге өткізетін сирек кездесетін қолжазбаларды да түгендеп, музейдің арнайы қорына өткізеді.
«Музей жәдігерлерінің құрамында 100-ден астам қолжазба бар. «Атамның кітабы» деп өткізетіндер көп. Олардың ішінде сирек кездесетін кітаптар, Құрандар бар. Сарғайып шашылып кеткен, мұқабасы да жоқ құнды кітаптар да кездеседі. Ұстасаңыз парақшалары үгітіліп тұрады. Соларды қалпына келтіреміз», — дейді реставратор.
Жанұзақ ақ қағазды сарғайту үшін кәдімгі шәйдің демдемесін қолданады. Қызыл шәйға ақ қағазды салып, сарғайтып алады. Кейіннен жиек жасап, жыртылған жерін жамайды. Жабыстырып, тігіп шығады. Ең бастысы — кітаптың құндылығы жоғалмауы қажет. Әсіресе, әріптері мен таңбаларын сақтауға назар аударады. Сондай-ақ, ұнды суға араластырып, желім жасайды. Себебі, заманауи клейлер мен химиялық қоспалар қағаздың құрамын өзгертіп жіберуі мүмкін. Ең бастысы – бұл жұмыстарға ешқандай аппарат қолданылмайды. Барлық жұмыс қол күшімен жасалады.
«Біздің мұражайдағы кітаптардың көпшілігі негізінен ХІХ, ХХ ғасырға тиеселі. Сондағы ақын, жазушылардың, жыраулардың жазбалары бар. Одан бөлек, діни әдебиеттер мен хикметтер де кездеседі. Көпшілігі арабша, төте жазулармен жазылған», — дейді ол.
Жанұзақ Әлзақұлы бос кезінде мұражай қорындағы керамикалық жәдігерлердің үлгісімен кәдесыйлар дайындайды. Қыштан құмыра, сазсырнай секілді түрлі бұйымдар жасап, сатуға шығарады. Таңсық дүниеге тапсырыс берушілер де көп. Сондай-ақ, «қолжазбалар мен ескі суреттерді реттеп бер» деп келетін жергілікті тұрғындардың да өтінішін орындап береді.
«Жалпы, ел ішінде көптеген құнды кітап бар. Олар біреудің сандығында, біреудің сарайында сақтаулы тұр. Соларды музей қорына өткізуге шақырамын. Себебі, кітаптар қараусыз жатқан соң, парақтары ұстауға жарамсыз болып қалады. Ал, оның ішінде еліміздің, ұлтымыздың терең тарихы жатқан болуы мүмкін», — дейді реставратор.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕРДІ БИЗНЕСКЕ БАУЛУ ЖОБАСЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ТҰРҒЫНЫ ИТАЛИЯНДЫҚ ӘДІСПЕН ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРЫП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
196
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
156
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.