Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы
3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімдері тоқсан сайын көшпелі кездесу өткізуі тиіс.
Аталған Жарлыққа сәйкес Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Халықты толғандыратын негізгі мәселелерге баса назар аудара отырып, ауданды, оның ішінде Бадам ауылдық округін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Аудан әкімі бадамдықтарды “Ауыл аманаты” пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несиелеу арқылы (2,5%) кәсіп ашу жобаларына белсене қатысуға шақырды және бұл ауыл округте, оның ішінде Бадам елді мекенінде кез-келген шағын бизнесті дамытуға мол мүмкіндік бар екенін айтты. Ниет білдірген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Қазіргі таңда Бадам а/о бойынша сауалнаманың нәтижесінде өсімдік, мал, құс шаруашылығымен айналысуға 239 өтінім түскен.
Кездесуде Бадам ауылдық округіне қарасты ауылдарға ауыз су, газ тарту, жол салу, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да кеңінен баяндалды. Мәселен, “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасы бойынша Бадам а/о 2024 жылы балалардың білім алуына, жан-жақты дамуына жағдай жасалған заманауи мектептің құрылысы басталып, оларды 2025 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан С.Мұқанов атындағы мектепті наурыз айында ел игілігіне беру жоспарлануда.
4 жекеменшік мектептің құрылысы басталған.
Сонымен қатар ағымдағы жылы бірнеше көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Бадам е/м Орда мөлтек ауданындағы ауруханаға баратын жол жөнделеді. Ордабасы ауылындағы мектепке баратын жолға жарықтандыру құралдары орналастырылады.
Биыл Ордабасы, Мамыр, Дербес, Бадам елді мекендерінің бірнеше көшелеріне құбырлардың тозуына байланысты ауыз жүйесі тартылады. Ақбұлақ және Мамыр ауылдарына трансформатор орнатылады.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына көшіп, тұрғындар тарапынан жайылым жер, ветеринария, денсаулық сақтау, жол, үй іргелік жер, мал шаруашылығы мәселелері бойынша сауалдар қойылып, олар бойынша жұмыс жүргізу үшін тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Кездесудің соңында аудан әкімі тұрғындарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі