ТҮРКІСТАНДА ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӨСІРГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 22 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӨСІРГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі өсіріліп жатыр. Түркістандық ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлап отыр.

02.03.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӨСІРГЕН  ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі өсіріліп жатыр. Түркістандық ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлап отыр. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ботаникалық бақтың жылыжай кешеніне арнайы барып, ғалымдармен, оқу ордасы қызметкерлерімен пікір алмасты. Университет ректоры Жанар Темірбекова атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Бүгінде Түркістандағы университеттің жылыжайында қызғалдақтар жайқалып өсіп тұр. Бұл жылыжай ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Апушев жетекшілік ететін «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» жобасы бойынша салынған болатын. Профессордың айтуынша, ғылыми ортада қызғалдақ пен алманың тарихи Отаны – Қазақстан деген пікір бар. Сондықтан қызғалдақты зерттеп, өсіру керек.
– Қызғалдақты брендіміз деп айтқанымызбен, оның көбейту, селекциялық жұмыстарын атқару бойынша атқарылған іс аз. Қазір біз Түркістанда 15 сұрыпты зерттеп, өсіріп жатырмыз. Жергілікті ауа райына бейімдерін және сұранысқа иелерін іріктеп, арнайы көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ол өте қиын жұмыс. Бұл жұмыстарды бастағанымызға үш жыл болды, – дейді профессор.
Қазіргі таңда Түркістандағы университет жылыжайында қызғалдақтың 12 мың пиязшығы отырғызылған. Оның 3 мыңы әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында өсіп үлгерген. Мерекеге орай арнайы буылып, әзірленеді. Ал қалған бөліктері Наурыз мерекесіне орай, елге ұсынылмақ. Сонымен бірге оқу ордасы маңына 3 мың түп қызғалдақ егілмек.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қызғалдақ жылыжайымен қатар ботаникалық бақты аралап көрді. Қарағай, өрік, туя және басқа да ағаштарды өсіру технологиясымен танысып, ғалымдармен Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру, осы аймаққа жерсінетін түрлерін өсіру бағытында пікір алмасты. Ұсыныстарын тыңдап, ғылыми зерттеулерді жалғастыруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ БӨРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БЕС ЕЛДІ МЕКЕНГЕ СУ ЖҮЙЕСІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
13

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
449

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.