Д.САТЫБАЛДЫ: «СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ» — Төрттаған
Понедельник, 23 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Д.САТЫБАЛДЫ: «СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

Түркістан облысындағы су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Облыс басшысы маңызды мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берді.

23.01.2023
Жаңалықтар
0
Д.САТЫБАЛДЫ: «СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Түркістан облысындағы су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Облыс басшысы маңызды мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Көктемгі су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов баяндады. Алдын алу шаралары арнайы бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылуда. Су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда су қоймалардың толуы орта есеппен 30-35 пайызды құрап, өзендердегі су көлемі орта деңгейден төмен ағуда. 2022 жылы алдын алуға жалпы 462 млн. теңге бөлініп, тасқынға қарсы инженерлік жұмыстар атқарылды. 1218 шақырымды құрайтын 680 арықтар мен каналдар қоқыстан тазартылып, 1 мың шақырымға жуық қашыртқы арналар механикалық тазартудан өткізілді. Қажетті инертті материалдар мен қаптар қоры дайын.
Облыста жалпы 41 су қоймасы (респуб.-16, облыстық-5, аудандық-15, жеке меншік-5) мен 12 су тоғаны орналасқан. Басым бөлігі 1932 мен 1970 жылдары аралығында пайдалануға берілген. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы мүлдем жөндеуден өтпегендіктен Бөген, Қапшағай, Қосқорған, Майдантал, Ырмақ-өзен, Рабат, Ащы, Қошқар ата (Абай) су қоймалары мен Қараспан су тоғаны табиғи тозығы жеткенін жеткізді.
Сондай-ақ төтенше жағдайға ден қоюға жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жалпы 2065 жеке құрам, 424 бірлік техника, 5 қайық, 116 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Сырдария өзеніндегі қалыптасқан жағдай ерекше бақылауға алынып, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп қауіпті жерлерге кезекшілік ұйымдастырған. Су режимі мен мұздың жағдайына бақылау жүргізілуде. Төтенше жағдай туындау мүмкін жағдайындағы іс-әрекеттер пысықталып, дайындыққа келтірілді.
Облыс әкімі жауапты орынбасары мен барлық аудан, қала әкімдеріне құзырлы мекемелермен бірлесіп, аумағындағы қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстары зерделеп, қажетті шаралардың қабылдануын тапсырды.
— Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Десек те, жан-жақтан дайындықты күшейтіп, апаттың алдын алуға күш саламыз. Басты байлығымыз – халқымызға қауіпті жағдай тудырмау үшін су қоймалары шұғыл түрде арнайы зерттеуден өткізіліп, тиісті шаралар қабылдану керек. Су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстары бойынша іс-шаралар жүргізілсін. Барлық аудан, қала әкімдері дайын болу керек. Апаттың алдын алу үшін су арналары тазартылып, арнайы техникалардың жағдайы тексерілсін. Қажетті құрал-сайман толық дайын болу қажет. Қосымша техника қажет болса, қазірден қамданып, сатып алу жағын қарастырылсын,-деді облы әкімі Дархан Сатыбалды.
Сонымен бірге тасқынға қарсы инертті материалдарды және күш пен құралдарды әзірлікке келтіруді және жағдай күрделенген кезде жедел жұмылдыруды ұйымдастырылуын, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық іс-шараларды пысықтауын, су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарларын толыққанды сапалы орындалуын міндеттеді. Су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың толық дайын болуын тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында алғашқы шетелдік көлік 2 сағат ішінде тіркелді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КӨМІР САУДАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
449

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.