ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛЫНАДЫ — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛЫНАДЫ

Халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасатын болады. Осы мақсатта халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға, оларға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру қарастырылуда.

30.12.2022
Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛЫНАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасатын болады. Осы мақсатта халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға, оларға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру қарастырылуда.
Ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Еңбек ресурстарын жетілдіру, өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын қамтиды. Жаңа жұмыс орындарын — өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды.
«Turkistan» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ф.Байдуллаев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева халықтың табысын арттыру мақсатында көзделген негізгі бағыттарға тоқталды. 2019 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі республикамен салыстырғанда 0,3% артқан. Кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтар саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,2% артқан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының мәліметінше, халықтың осал тобына жататын азаматтар саны облыстың оңтүстік аудандарында басым болуда. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобаның» еңбек бағыты бойынша 35,6 млрд.теңге қаржы қаралып, 35,2 мың азаматты жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарлануда.
— Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту болып отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. Біз облысымызда осы мақсатқа қол жеткізудің жолдарын, тетігін анықтадық. Өңірде 2 миллионнан 200 мыңнан астам адам тұрады, оның 80 пайыздан астамы, яғни басым бөлігі ауылда шоғырланған. Ол біздің үлкен мүмкіншілігіміз. Себебі, әрбір ауылдық аула шын мәнінде – табыс көзі. Егістік жерлерді арттырып, халыққа мүмкіндік беру керек. Қосалқы шаруашылықтарға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, саланы дамытуға бет бұлған жөн. Осылайша ауыл шаруашылығы өнімін еселеп көтеру, қайта өңдеуді дамыту, импортты алмастыру, азық-түлік бағасын төмендету, жұмыссыздықпен тиімді күресу, әлеуметтік көмекке жүгінушілердің санын азайту, жалпы ауылдың әл-ауқатын көтеруге жол ашылған болар еді, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауыл халқын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының м.а Н.Мырзахметовтің баяндауынша, республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, жылдық пайыздық мөлшері 2,5 %, несие берілмек.
Бұл бағытта 6 негізгі саланы дамыту көзделген. Атап айтқанда, отбасылық сүт фермалары құру, мал бордақылау алаңдарын құру, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру, егін шаруашылығын (ауыл шаруашылығы техникасы, жылыжай, құлпынай, таңқурай, гүл, лимон, жүзім) дамыту. Бұл өз кезегінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін артырып (жем-шөппен қамтамасыз ету, ветеринариялық іс-шаралар, техника қызметтері, өнім өткізу, ұлғайтылған субсидия алу т.б.), алынатын өнім көлемі мен табысты артыруға мүмкіндік береді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА 12 АЙДА БЕС МЫҢНАН АСА НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАЛҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАЛАЛАР ҚУАНСА, ӘЛЕМ ҚУАНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.