Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында базарлар мен сауда орталықтарында түрлі пиротехникалық өнімдер сатылымға шығарылады.
Осыған орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе «Қырғы базар» және «Акбар базар» аумағындағы пиротехникалық заттарды пайдалану және сату кезіндегі сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сатушылар мен тұтынушыларға пиротехникалық тауарды сатып алу кезінде басты назарды сертификаты мен жарамдылық мерзіміне және зат таңбасына назар аудару керектігі түсіндірілді.
Құрметті аудан тұрғындар
Егер де сіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен петарда немесе пиротехникалық өнімді сатып алған болсаңыз, оларға су құйып, 2 сағат күтіп, кәдімгі қоқыстармен бірге қоқыс жәшігіне тастауларыңызды сұраймыз
Күнделікті өмірде және пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеміз
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі