Түркістан қаласында солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр — Төрттаған
Понедельник, 9 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан қаласында солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр

18.12.2022
Жаңалықтар
0

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандарымен қоса, қаланың «Бекзат», «Бірлік» шағынаудандары және жақын маңда орналасқан Сауран ауданының Теке, Нұртас елді мекені тұрғындары, әлеуметтік, шағын бизнес нысандары сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осыған байланысты құрылыс алаңында болып, жұмысшылармен кездесті. Жауапты басшыларға құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Бүгінде қосалқы станцияның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Тура бір жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстарын келер жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 6 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған.
– Түркістан облысы және осындағы индустриалды аймақтар үшін электр қуатының маңызы зор. Қуат көздерін арттыру, сапалы электрмен қамту өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан бұл станцияның құрылысы уақтылы аяқталуы тиіс. Әлі де мұндай жобаларды көбейту жолын қарастырамыз. Өндірісті, кәсіпкерлікті дамытамыз десек қуат көздері мен инфрақұрылым сақадай-сай болуы тиіс, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Өңір басшысы Сауран ауданындағы жиһаз цехында болды. 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын жылына 2500 дана жиһаз шығарады. Кәсіпорын жұмысын кеңейту үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, жұмыс күші екі есе артпақ.
Сауран ауданы алып құрылыс алаңына айналды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен 38 гектар жер бөлініп, мемлекеттік органдардың 5 әкімшілік ғимараты бой көтерді. Онда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, мемлекеттік мекемелердің ғимараттары және Мәдениет үйі орналасады. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
– Сауран ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы керек. Әкімшілік ғимараттары мен осы аумақтағы нысандардың сәулеті бір-бірін толықтырып тұруы қажет, – деген Дархан Сатыбалды Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековке тапсырмалар берді. Мердігерлермен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшыларының аудандағы нысандарды қаржыландыру бойынша ойларын білді.
Жергілікті бюджет есебінен осындағы 3 мектептің құрылысына 1 млрд. теңге қаралған. Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орынды мектептің құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Білім ұялары Оранғай мен Ибата елді мекендерінде  де салынып жатыр.
Аудан орталығын ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстарына да Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда. Бұдан бөлек Сауран ауданын абаттандыруға, желілік саябақ пен балалар алаңы мен футбол алаңшасын салуға 530 млн. теңге қаралған. Автомобиль жолдары да күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӨКТЕМГІ АҒАШ ЕГУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАННЫҢ АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢА НЫСАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

04.06.2025
4
СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

04.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.