ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА — Төрттаған
Суббота, 10 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында облыста 120-ға жуық адам оқуды бастады. Жоба арқылы еліміздің 5 өңірінде 117 адам оқуға ден қойды. Түркістан облысында 27 адам тегін кәсіптік курстарынан өтуде. «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Түркістан облысы аумағындағы әлеуметтік желідегі маркетинг, сұлулық салондары, аспаздық кәсіби мамандықтарын игеріп жатқан жоба қатысушыларымен кездесті.

23.12.2022
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында облыста 120-ға жуық адам оқуды бастады. Жоба арқылы еліміздің 5 өңірінде 117 адам оқуға ден қойды. Түркістан облысында 27 адам тегін кәсіптік курстарынан өтуде. «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Түркістан облысы аумағындағы әлеуметтік желідегі маркетинг, сұлулық салондары, аспаздық кәсіби мамандықтарын игеріп жатқан жоба қатысушыларымен кездесті.
— Бұл өңірлердегі жұртшылықты қолдаудағы бірегей жобалардың бірі. Ол аймақтар мен шалғай аудандардағы тұрғындардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан шамамен 200 млн теңге бөлініп отыр. «Табысты отбасы» жобасы барысында қатысушылар тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан білім алып қана қоймай, өз кәсібін бастауда қажетті жабдықтарға ие болады. Барлық жоба қатысушыларына тек сәттілік тілеймін, — дейді «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбек қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Маңызды жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған, жалғызбасты және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, олардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған. Жобаға қатысатын 300 адамның тізімі жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылған.
— Жұмыссызбын, алты баланың анасымын. Біздің облыста іске асып жатқан «Табысты отбасы» жобасына қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазіргі сәтте Сарыағаш ауданында әлеуметтік желідегі маркетинг мамандығын таңдап, сол бойынша курстан өтіп жатырмын. Алдағы уақытта қажет болатын ақпаратты игерудемін. Болашақта өзімнің кәсібімді ашамын. Алғысым шексіз!, — деп ойымен бөлісті жобаға қатысушы Динара Қалтаева.
Қатысушылар қысқа мерзімде өз ісін ашу үшін барынша білім мен дағдыларды алады. Бір айлық оқудан өткен түлектерді, тәжірибелі тәлімгерлер үш ай бойы сүйемелдеп отырады. Жоба соңында Ұлытау, Абай, Жетісу, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы бес бағыт бойынша арнайы мамандық игерген қатысушыларға сертификат табысталады. Атап өтер жайт, оқуды сәтті аяқтағандарға өз ісін ашу үшін қолдау қаржылай емес, үйренген кәсібіне қажетті құрал-жабдық түрінде беріледі.
Оқудың екінші кезеңі қаңтар айында қолға алынып, 183 қатысушы тігіншілік, аспаздық, сұлулық салондары, электр механигі және әлеуметтік желідегі маркетинг бағыттары бойынша қамтылады деп жоспарланып отыр. «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy инстаграм парақшасында орналастырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘСКЕРИЛЕР ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАП, ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ҮЛЕСТІРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.