ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНЕДІ — Төрттаған
Понедельник, 9 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНЕДІ

2022 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысында 24 мәселе қаралды.

14.12.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2022 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысында 24 мәселе қаралды.
Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Сатыбалды Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізді.
Сессияда Түркістан облысы бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру және табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібековтің және Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің есептері тыңдалды.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.
Сессияда маңызды мәселенің бірі шешімін тапты. Ол – өңірдегі балабақша қызметкерлерінің жалақы қарызы. Тәрбиеленуші балалардың контингент санына байланысты жыл соңына қосымша қаржы қажеттілігі туындаған. Аталған мәселе облыс әкімінің бақылауына алынып, бүгінгі облыстық мәслихат сессиясында қаралды. Тиісті қаржылар облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына толығымен бөлінді. Берешек қаржылар бойынша төлем 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін жүргізілетін болады.
Депутаттар Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы мәселесін де қарады. Бұл ретте Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/235-VII «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» шешіміне сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі Қаулы шығарды.
Бұдан былай «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып;
2) «Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып;
3) «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып, қайта ұйымдастырылады.
2. «Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) «Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылмақ.
Сонымен бірге «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып; «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып аталады. «Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталмақ.
Жиында сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізілді.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімі Д.Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылап, мәслихаттың жұмысына табыс тіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

04.06.2025
4
СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

04.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

04.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.