Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Түркістан қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының жыл басынан бергі көрсеткіші» бойынша БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесуде әкімдікке қарасты бөлімдер мен мекемелерде атқарылған жұмыстардың көрсеткіштері айтылды.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд.теңге көрсеткішке ие болса, биыл 9 айдағы нәтиже 15,4 млрд.теңгеге жетті. Яғни, өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқан.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 млрд. теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Инфрақұрылым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауызсумен қамту деңгейі 98,5%-ға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9%-дан 94,7%-ға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95%-ға жетті.
Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, жол саласында 2022 жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3%-ға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі – шағын автобустар. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңарды.
Мұның барлығын таратып айтар болсақ, онда негізгі басты салаларға арнайы тқталайық.
Индустриалды аймақтың әлеуеті зор
Қала әкімінің баяндауынша, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады. Олардың қатарында «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары бар.
Ал баспанамен қамту саласында 2022 жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нақтырақ айтқанда 2 667 пәтерлі 42 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды. «TURKESTAN» индустриалды аймақ қолданыстағы 350 га аумақты алып жатқан жер, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде.
2016-2022 жж. өнім көлемі 10,9 млрд. теңге болса, ал салық түсімі осы уақыт аралығында 1 млрд. теңге құрады. Жалпы айтар болсақ 13,1 млрд. теңге қаржы тартылып, 1330 жұмыс орындары ашылып, 27 кәсіпорын іске қосылды.
Жаңа аудан жасарып, жаңғыруда
Көне Түркістанға қарағанда жаңа қала күн санап жаңғыра түсуде. Қала әкімі тұрғындармен кездесулерінде үнемі осы жаңа қаладағы ғажайып өзгерістерді үнемі алға тартып, осы жаңалықтарды айтып отырады. Оның да нақты себебі бар. Себебі, жаңа қаланың іргесін қалағысы келген жастар көне қаладағы ағайындарынан ажырап, еншісін алып, жаңа өмір бастауда. Олардың жалпы тыныс-тіршілігі қалай болуда. Қала әкімі осы мәселеге толыққанды тоқталды.
Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2% есеге артты. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Пайдалануға берілген үйлер саны 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда 3,5 есеге артты.
Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2% есеге артты.
Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың ш.м. құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілу үстінде. Мемлекеттік бюджеттен басқа ӘКК «Түркістан» АҚ – 33 үй (67,4 мың ш.м.) жеке инвестициямен – 80 үй (181,4 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда (87,4 мың ш.м.) 3,5 есеге артты. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қала әкімімен кездесу барысында Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 14 839 азамат тіркелгендігі айтылды. Қазіргі таңда пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің басым бөлігі ипотекамен берілуде. Осыған орай, кезектегі адамдар санын төмендету үшін пәтер берудің жаңа бағдарламасын халыққа ұсыну қажеттігі белгілі болды.
Таза суға тапшылық болмайды
Түркістан қаласының 6 секторы бойынша 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген.
2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5% болса, биыл 98,5% жетеді. 2023 жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Мақтазауыт,1-2 м/а, Яссы-Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар).
Соның арқасында 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай 100% болады. Түркістанның 6 секторы бойынша орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2%-ы (12 297 абонент) қамтылған. 2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста. Биылғы жылы жалпы 14 жоба іске асырылуда. Қазір 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қоса 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның ЖСҚ әзірленуде. Нәтижесінде 2022 жылы кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш – 80% қамтитын болады.
Сапалы электрмен қамту – өмір талабы
Түркістан халқы өзінің тұрмыс салтында сапалы электр қуатымен қамтылып отырғанымен мақтана алмайды. Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған.
Жалпы Түркістан қаласының аумағында 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9% дан 94,7% артты.
Биылғы 2022 жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша, пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 94,7% дан 95,2% жетеді.
Сонымен қоса үш нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге қаржы қаралды. Нәтижесінде қосымша 9669 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда.
Көгілдір отынмен қамту жоспары орындалды
Түркістан қаласы бойынша табиғи көгілдір отынмен қамту жұмыстары бойынша Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонент газ құбырларына қосылған, қамту көрсеткіші 82,5%. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны 2021 жылы 95% жетті.2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер анықталды. Аталған абоненттер қосылса қамту көрсеткіш – 96% болады.
Ескендір ЕРТАЙ.