ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖЫЛУ ЖЕТКІЗЕДІ — Төрттаған
Пятница, 9 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖЫЛУ ЖЕТКІЗЕДІ

27.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖЫЛУ ЖЕТКІЗЕДІ

Күні кешеге дейін Түркістанда от жағу маусымы басталғаннан бастап қала тұрғындары көк түтінге тұншығып отырғаны турады мәселе  күн тәртібіне шығатын. Қалада жағымсыз иіс пен улы газдың ауаға таралып жатқаны айқын сезілетін. Бұл жағдайды оңалту үшін қаланы газдандыру мәселесіне көп екпін берілді.  Бүгінде бұл проблема айтарлықтай шешімін тапты. Осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіш бойынша қаладағы ауа сапасының 65 пайызға жақсарғаны соның жарқын мысалы. Бұған жылу жеткізетін қазандықтардың газға көшуі зор ықпалын тигізді. Атап айтқанда, Түркістан қаласында жылу жеткізетін 10 қазандық бар. Оның барлығы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген,-деп хабарлайды 4tagan.kz ақпараттық агенттігі қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне сілтеме жасап.

2022-2023 жылдардың жылу беру маусымы кезінде Түркістан қаласындағы 10 жылу қазандықтары арқылы, І-ІІ мөлтек ауданы және Әкімшілік іскерлік аумағындағы тұрғын үйлер, тарихи мәдени орталықтағы мекемелерді және «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу энергиясын Түркістан қаласы бойынша жалпы 6 516 абонент тұтынады.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қала бойынша 10 қазандық бар болса, оның барлығы 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. (22,3 шақырым магистарльді желі; 71,6 шақырым ішкі орамдық жылу желілер).

Қала аумағында орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ететін «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны. Кәсіпорынның жалпы штаты 124 адам, орташа жалақысы -72 700 тенге.

2021 жылдың 22 қазанында Түркістан қаласы бойынша жылу беру маусымы басталып, 2022 жылы 31 наурызда тоқтатылған болатын. Жылу беру маусымы 160 күнді құрады.

2021-2022 жылдарға жылу тарифі – 93,24 теңгені құрады, (табиғи газдың тарифі 1 м3 газ – жеке тұлға 28,25, заңды тұлға – 35,76 теңге). Жылу беру маусымында кәсіпорын шығысы 405 218,6 мың теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 225,0 млн.теңге бөлініп пайдаланған табиғи газға төлем жасалды.

Биылғы жылу беру маусымында жылу қазандықтары толығымен табиғи газды пайдаланатын болады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған.

Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші сараланған түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Соның негізінде  тұрғындарға- 92,46 тенге/м2; бюджеттік мекемелерге  — 6 856,33 тенге/Гкал; заңды тұлғаларға — 4 442,23 тенге/Гкал.

Қала бойынша жалпы 59 мектеп пен балабақшалар 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына  толықтай дайын. Атап айтқанда, 34 мектептің, орталықтандырылған жылу жүйесімен 4 мектеп қамтылған. 29 мектеп табиғи газға қосылған,1 мектеп апатты деп танылған (Әмір Темір атындағы ЖОМ);

20 балабақшаның, 2 балабақшасы орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 16 балабақша табиғи газға қосылған, 2 балабақшаны табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. («Құлыншақ», «Гүлдер» балабақшалары қаржыландыруға ұсынылды).

Денсаулық сақтау саласында 14 мекеме бар. Оның ішінде табиғи газбен қамтылған – 8 мекеме. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған – 2 мекеме. Көмірмен – 4 мекеме(Түркістан қалалық орталық аурухана 4 нысаны). Газға өту жұмыстары толық аяқталған. Газды қосу жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет, спорт саласында 18 мекеме бар. Табиғи газбен қамтылған – 12 мекеме. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған – 2 мекеме. Электр энергиясымен – 1 мекме. Көмірмен – 4 мекеме(кітапхана 3 нысаны және мәдениет үйі).

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА 500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНҒА ИТАЛИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.