Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың орын алуына әкеп соқтыратыны ақиқат.
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың орын алуына әкеп соқтыратыны ақиқат. Соңғы жылдары елімізде де энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарап, мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Мұндай тиімді тың жаңалықтан Түркістан қаласы да шет қалғысы келмейді.
Бүгінде энергия үнемдеу және отын мен энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру кез келген елдің экономикалық саясатының басым бағыты болып табылатындығы анық.
Себебі аз энергия пайдаланатын ел тұрақты экономикаға ие болып қана қоймай, өз аумағының әртүрлі энергия қалдықтарымен ластануын азайтады. Осылайша, энергия мен энергетикалық ресурстарды ұтымды, экологиялық жауапты пайдалануды қамтамасыз еткен ел өз экономикасын ішкі және әлемдік аренада мықтап нығайта алады және одан әрі даму көкжиегін кеңейтеді.
Осы мақалада сіздерге энергия тиімділігі мен энергия сыйымдылығы арасындағы айырмашылықты білуді, сондай-ақ олар Қазақстанның экономикасында және әртүрлі кесімді пайдалану секторларында қалай пайдаланылатынын білуді ұсынамыз.
ЖІӨ энергия сыйымдылығы Қазақстанда ЖӨІ қатысты энергия ресурстарын тұтынудың салыстырмалы көрсеткіші ретінде ұсынылады, ЖІӨ ұлттық немесе шетелдік валютада шаққандағы құнының бірлігіне шаққанда ш.о.т. немесе м.б.т. (шартты отын тоннасымен немесе мұнай баламасының тоннасымен) өлшенеді.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңға сәйкес, «энергетикалық тиімділік» өнімнің бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну ретінде анықталады.
Біздің елімізде «энергия сыйымдылығы» термині ұлттық экономикалардың энергетикалық тиімділігін бағалау үшін де пайдаланылады. Алайда, әртүрлі елдерде энергия тиімділігінің деңгейін салыстыру үшін осы көрсеткіш үнемі дәл қолданылмайды. Сонымен қатар, оның сандық мәніне әсер етуі мүмкін бірнеше факторлар бар.
Осы көрсеткішке әсер ететін себеп-факторлардың арасында елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымын, яғни ЖІӨ неден құралатынын атап өтуге болады.
Қазақстанда ЖІӨ айтарлықтай үлесі өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің ірі салаларында жасалады және оның мөлшері шикізатты экспорттау шамасына және оның әлемдік бағаларына тәуелденеді. Сәйкесінше, Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы айтарлықтай жоғары болады. Оларға Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ірі тұтынушылары жататынын Сіз де түсінесіз.
Қазақстанның ЖІӨ жоғары энергия сыйымдылығының негізгі себебі – ең алдымен:
— салалардың энергия сыйымды түрлерінің – өндіруші саланың, ТКМК, мұнай-газ секторының, көмір энергетикасының басымдығы;
— өңірдің солтүстік бөліктерінде ұзақ жылыту маусымын ескере отырып, климаттық жағдайлар;
— экономиканың көптеген салаларының жалпы технологиялық артта қалуы және соның салдарынан өнімнің жоғары энергия сыйымдылығы;
— басқа елдермен салыстырғанда энергия ресурстарына қатысты мінез-құлықты қалыптастыратын энергия тасығыштарының салыстырмалы төмен құны.
ЖІӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем бойынша 106 орында тұр (2012 жылы – 122 орын). ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету динамикасы бойынша ТМД елдерінің арасында Қазақстан көшбасшылық жайғасымда тұр, ЕАЭО елдерінің арасында біздің көрсеткішіміз ең жақсы.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің басқа елдер бойынша қолда бар деректеріне сүйенсек, Қазақстан 2018 жылдан бері 4-ші орында тұр.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын ойдағыдай жүзеге асырудың арқасында 2019 жылдың қорытындылары бойынша (2020 жылдың деректері 2021 жылдың соңында жарияланады) елдің ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 33%-ға төмендеді (2015 жылғы мың $ бағаларымен 0,52 м.б.т. орнына 2015 жылғы мың $ бағаларымен 0,35 м.б.т.), бұл қойылған мақсаттық индикаторларға мерзімінен бұрын жетуге мүмкіндік берді.
Энергия үнемдеу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бұрынғысынша қажет және бүгінгі күні өзекті. Белгілі болғандай, елдің ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2025 жылы 25% және 2050 жылы 50% төмендету тапсырмалары белгіленді. Бірақ бұл ретте энергия сыйымдылығына әсер ететін энергия үнемдеу жөніндегі мақсаттар мен тапсырмалар елдің әр өңірі үшін әртүрлі болуы тиіс, ал басымдықтар елдегі әр қаланың жергілікті ерекшелігіне тәуелденеді. Осыған байланыс Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (Қазақэнергиясараптама) осы бағытта жұмыс жүргізіледі, оның иінтіректерінің бірі болып 2022-2026 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы аясында әзірлеу табылады.
«4tagan.kz- ақпарат»