АРЫСТА С.АДАМБЕКОВ АТЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 23 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АРЫСТА С.АДАМБЕКОВ АТЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Арыста тағы бір әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сырдария елді мекенінде С.Адамбеков атындағы саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен белгілі қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры, жазушы-сыншы Құлбек Ергөбек, С.Адамбековтің туыстары және жергілікті тұрғындар қатысты.

28.11.2022
Жаңалықтар
0
АРЫСТА С.АДАМБЕКОВ АТЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Арыста тағы бір әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сырдария елді мекенінде С.Адамбеков атындағы саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен белгілі қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры, жазушы-сыншы Құлбек Ергөбек, С.Адамбековтің туыстары және жергілікті тұрғындар қатысты.
5 мың шаршы метр аумақты алып жатқан саябақ жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен қайта құрылымдаудан өтіп, заманауи талапқа сай халық серуендейтін орталыққа айналды.
«Мұндай нысанның ашылуы біздің қоғамның мәдениетін көтеріп, таным-түсінігін тереңдетеді. Адамбеков атындағы саябаққа келген азаматтарымыз оның кім болғанын білумен қатар, саламатты өмір салтын ұстанса, жастарымыз Садықбек атамыздың туындыларынан тәлім алады деп сенемін. Біз осылайша, Арыс топырағынан шыққан тау тұлғаларымызды ұрпаққа үлгі, өнеге етіп келеміз. Осы жолда еңбек етіп, тер төгіп жүрген жандардың барлығына да шексіз ризашылығымды білдіремін»,- деді Гүлжан Мамытқызы.
Салтанатты шара аясында саябақта Садықбек Адамбековтің еңселі ескерткіш-бюсті ашылды. Жергілікті мүсінші Әбутәліп Күздеубаев қолынан шыққан туындының тұғыры 3, ал мүсін биіктігі 1,5 метр. Жиынға арнайы келген зиялы қауым өкілдері мен қонақтар сатирик жазушының өнегелі өмірін еске алып, еңбегінен насихат айтты.
«Садықбек Адамбековтің 100 жылдығын атап өту шарасы оның туған топырағынан бастау алды. Сәтін салса, мұндай шаралар легі облыстық, республикалық, тіпті халықаралық ауқымда аталып өтуі тиіс. Себебі, Адамбеков қазаққа ғана емес, тұтас түркі әлеміне ортақ тұлға. Мен жерлестерімді осындай дәуір жаңғыратын сәттің басталуымен шын жүректен құттықтаймын»,- деді белгілі әдебиеттанушы Құлбек Ергөбек.
Аумағы атшаптырым демалыс орнында жергілікті климатқа бейімделген үйеңкі мен талшын, шаған мен алма сынды ағаштар отырғызылды.
Сондай-ақ, мұнда жайлы орындықтар қойылып, келушілердің демалуына мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Әсіресе, жауын мен ыстық күннен қорған болатын заманауи бастырма астына үш жұп шахмат тақтасының қойылуы мұнда уақыт өткізудің мән-мазмұнын аша түсетіндей.
Ал жасыл желекпен көмкеріліп, жарықшамдардың орнатылуы саябақтың ажарын арттырып, көз сүйсіндіреді.
Айта кетейік, есімі ел есінде қалып, құрметтелуі тиіс тұлғалардың бірі сатира сардары – Садықбек Адамбеков. 1922 жылы 15 қарашада Арыс атырабында дүниеге келген ол оралымды сатирасымен оқырман қауымды өзіне қаратты.
Саналы ғұмырын қазақ сатирасының дамуына жұмсаған Садықбек Адамбековтің есімі есімі ел ішінде ұлықталып, осылайша жерлестерінің мақтанышына айналды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ТАРИХИ АТАУЛАРДЫ ҚАЙТАРУ – ТАРИХИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН ҮЙ БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
4
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.