ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ — 2022» САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ — 2022» САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «ALTYN KÚZ - 2022» мерекесі ұйымдастырылды.

24.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ — 2022» САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «ALTYN KÚZ — 2022» мерекесі ұйымдастырылды. Алдымен ауыл шаруашылығы саласы техникалары мен өнімдерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, олардың жетістіктерін жоғары бағалады.
– Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверінің бірі. Ауылда өскендіктен бұл саланың ерекшелігін, қиындығын жақсы білемін. Еңбек адамы – елді алға бастайды. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында өңірдің агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. 10 айдың өзінде жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңінен 145,3 млрд. теңгеге артып, 951 млрд. теңгеге жетті. Егіс көлемі 14 мың гектарға ұлғайып, 860 мың гектарға дейін жетіп отыр. Жаңадан 113 гектар жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1625 гектарға дейін ұлғайды. Ет өнімдерін экспортауда өңіріміз республикада бірінші орында тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндетін қойып отыр. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. 2023 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жобаларына, кооперация желілерін дамытуға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелер беріледі. Сіздермен бірге облыстың аграрлық саласын жаңа бағытта дамытып, ел табысы молаярына сенемін, – деген Дархан Сатыбалды бір топ еңбек озатын арнайы марапаттады.
Атап айтсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы тапсырылды. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамытуда озат атанған аудан әкімдері облыс әкімінің дипломына ие болды. Бірінші орынды Сайрам ауданы еншілесе, екінші және үшінші орындарды Бәйдібек пен Сарыағаш аудандары еншіледі.
Салтанатты жиында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев облыстың озат агроқұрлымдарын облыс әкімінің дипломымен марапаттаса, ауыл шаруашылығы мен еңбек адамын насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне де құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімінің алғысхатын Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов тапсырды.
Мерекелік кеште Түркістан өңірінің танымал өнерпаздары мен белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова өнер көрсетіп, Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін мерекемен құттықтады.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,5 млрд. теңгеге инвестициялар тартылып 116,1 % ұлғайды. Тамақ өндірісіне 6,7 млрд. теңге инвестиция салынды.
Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарын аясында Түркістан қаласы айналасында 11,0 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Құны 6,5 млрд. тг құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды және 2 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы орнатылды.
Дәнді дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 190 мың тоннаға артып, 777,0 мың тоннаға жетсе, көкөніс, бақша өнімдері көлемі 120 мың тоннаға артып, 3 млн. 245,5 мың теңгеге жеткен. 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен жалпы 1 066,5 мың тонна өнім экспортталып, 354.7 млн. АҚШ долларын құрады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА «ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.