ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Серік Мақашұлы Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Бадам елді мекеніндегі “Аделя” жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Министр аталған кешенде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлермен, шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
— Біздің бір ғана ұсынысымыз бар. Халықты жыл он екі ай көкөніспен қамтып жүрген жылыжай шаруашылықтарына газ, электр энергиясы, көмір арзандатылып берілсе. Сол кезде қызанақтың, қиярдың бағасы да арзандайтын еді. Одан бөлек көкөністерді сауда орталықтарына өткізуде де бірқатар мәселелер бар, — деді шаруалар.
Өз кезегінде министр айтылған ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдармен пысықтайтындықтарын, қажет болса қосымша қаражат қарастырып кейбір шығындарды субсидиялау тетіктерін қарастыратындықтарын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі