Кентау қаласы, Сейфуллин көшесінде орналасқан кәріз насос станциясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Жандос Тасов аталған жұмыстар барысын аралап, жаңартылған құрылғылардың сапалығын тексерді.
Бүгінгі таңда, жалпы алаңы 6,23 га жер
тегістеліп, сүзгі карталары орналастырған. 4-дана жоғарғы дебетті 250 кВт сорғылар ауыстырылып, 1-дана сүзгі орнатылуда.
Осы күнге дейін, қаладағы кәріз жүйесіне 4100 м2 бөгеттер жасалынды. 13-қайта толтырылып жабылған сүзгі карталары және 1228 м кәріз құбырларын орнату жұмыстары жүргізілген. Жалпы, Кентау қаласында 14781 абонент көріз жүйесін қолданады.