САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР ОНКҮНДІК ІС-ШАРАДА БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР ОНКҮНДІК ІС-ШАРАДА БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ

04.11.2022
Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР ОНКҮНДІК ІС-ШАРАДА БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шараны қорытындылау мақсатында тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында ауыл округінің әкімі Е.Дүйсебаев аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, ауыл кәсіпкерлері, ауыл тұрғындарының қолдауымен онкүндіктің жоспарына сәйкес жұмыстар өз деңгейінде атқарылғанын таныстырды.
Сөзіне қарағанда, бірінші кезекте ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, сонымен қатар өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға мән берілгенін тілге тиек етті.
Ауылдық округіне қарасты 8 елді мекеннің жағдайын жақсарту және халықтың ынтымағын нығайту мақсатында жүргізілген негізгі жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда,
• «Сарыарық» каналы ауыл тұрғындарының асар жолымен механикалық тазалаудан өтті;
• ескіріп тозығы жеткен автобус аялдамалары қалпына келтірілді;
• тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Шымкент-Шаян» облыстық маңызы бар автожолының Ошақты және Шіркін ауылдарына қарай баратын жол бойына автобус аялдамасы салынды;
• Тоған ауылындағы Қ.Сәтпаев көшесі жарықтандырылды. Ал, Касымбек датқа ауылындағы С.Мұқанов көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде;
• Ошақты елді мекеніне электр трансформаторын орнату күтілуде;
• ауыл тұрғындарының көмегімен Шіркін ауылына қарасты Жаңақұрылыс аумағындағы ішкі 2 көшеге тас төселді;
• Құрлық ауылындағы Қ.Жұмабаев көшесі бойындағы «Ақтай қажы» мешіті жанынан «Батыс Қытай-Батыс Европа» автожолына қарай бағыттағы қашықтығы 750 метр жолға тас төселді;
• ауыл жастары және еріктілермен «Көмешбұлақ» өзені бойында «Табиғатты аялайық!» акциясы аясында бұлақ көздерін ашып, тазалау мақсатында сенбілік күні өтті;
• жергілікті жерде орнатылған билбордтар мен паннолар жаңартылды;
• Сайрам аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміндегі коммуналдық үш тұрғын үйлер айналасын пәтер иелері тазалық жұмыстарына қатысты;
• Қасымбек датқа ауылындағы С.Сарманов көшесі бойындағы коммуналдық, арендалық үш тұрғын үйлердің ортақ жылыту қазандығы мен жылыту жүйелерін алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді;
• ауылдық округінің орталығындағы Қасымбек датқа ауылындағы облыстық маңызы бар Қ.Мұсаев көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандары мен жеке тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, абаттандырылды;
• ауыл тұрғындарымен Қасымбек датқа ауылындағы Қ.Мұсаев көшесі бойындағы ағын су арығы тазаланды;
• жол бойындағы қураған ағаштарды қырқу, шөп тікендері орылды;
• Сарыарық елді мекенінің кіре-беріс жеріне ауыл тұрғындары мен демеушілер көмегімен орнатылған арканы сырлау, абаттандыру жоспарланды;
• Әсіларық ауылынның кіре-берісі абаттандырылды;
• Таскешу елді мекені жанындағы «Сайрам ауданы» белгісінің айналасы тазаланып, ретке келтірілді.
Ауылдық округінің әкімі алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарды қосымша баяндап өтті.
Баяндама соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аталған жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев онкүндік іс-шарада белсенділігін танытқан бірқатар тұрғын мен қызметкерге алғысын жеткізіп, құрметін көрсетті.
Аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапалғандардың ішінде №67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебінің шаруашылық меңгерушісі Е.Қаратаев, қоғамдық жұмысшылар Н.Сембиев және К.Абжалова, «Көркем Аймақ» ЖШС-нің басшысы Д.Анартаев, Шіркін ауылының азаматы Д.Эшайдаров, Таскешу ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Абдрамановалар болды.
Бұлардан бөлек, ауданда ветеринария саласында ұзақ жылғы және атқарған қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін Байдуллаев Нұрлыбек Әшірбекұлына Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалі тапсырылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

“АЛТЫН КҮЗ-2022”: ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР АЙШЫҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА «АУЫЛ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.