САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ — Төрттаған
Пятница, 13 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

07.11.2022
Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауда тыңдалған қайнарбұлақтықтың өтініші бүгінгі таңда толықтай қанағаттандырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Сайрам ауданы әкімдігінің «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында ағымдағы жылдың 25 қазанында Қайнарбұлақ ауылдық округінің Қасымбек Датқа ауылындағы С.Уәлиханов көшесінде №11 тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алу салдарынан зардап шеккен Қ.Жандаровтың жақыны және «Айна Оңтүстік» газетінің бас редакторы А.Датқаев аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауында болып, әлеуметтік көмек көрсету немесе уақытша тұрғын үймен қамтуды сұранғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Жеке қабылдау барысында зардап шеккен тұрғынның жағдайы жеке бақылауға алынып, қолданыстағы заңға сәйкес шұғыл түрде шешім қабылданатыны түсіндірілді.
Әкім орынбасарының ұсынысымен өрттен зардап шеккен азамат тұрғылықты жері бойынша ауыл әкімшілігіне жүгініп, көмек көрсету жөнінде жазбаша өтініш білдірген. Нәтижесінде өтініші қаралып, қажетті құжаттары жинақталып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданылған.
«Сайрам ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатының тиісті шешімі және өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылған арнайы комиссияның тексеру қорытындысы шықты.
Аталған бөліммен Қ.Жандаровтың жеке есеп шотына біржолғы материалдық көмек ретінде 900 мың теңге көлемінде қаржы аударылды.
Өз кезегінде көмекке мұқтаж болған азаматтың жерлестері де қамқорлығын танытып, қайырылымдық жасаған. Олардың тарапынан жылу маусымына дайындық есебінде техникалық жабдықтар және басқа да тұрмыстық заттар тұрғын үйіне жеткізіліп берілді.
Жеке қабылдауда тыңдалған қайнарбұлақтықтың өтініші бүгінгі таңда толықтай қанағаттандырылды.

 

READ ALSO

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Оқи отырыңызМақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

10.03.2026
11
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
4
ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10.03.2026
4
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
279
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
208

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.