Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен жиында бірқатар мәселелер қаралды. Соның бірі тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарының барысы туралы мекеме басшысы Талғат Искаков баяндады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жоспарланған 132 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі құрылыс жұмыстары басталып, 2020 жылға облыстық бюджеттен 32 көпқабатты тұрғын үйге қаржы қаралып тиісті жұмыстар атқарылған. Жалпы Кенттау қаласы бойынша 211 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов «Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық полиция бөлімі, қалалық жер қатынастары бөлімі және БАҚ өкілдерімен бірлесіп 25 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде, жыл басынан бергі заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар бойынша анықталған фактілерге 20 әкімшілік хаттама толтырылған», деді бөлім басшысы.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша 2021 жылдың 20 – шы шілдесінен бастап «Біріңғай байланыс орталығы»құрылып, қала тұрғындарынан өтініштер қабылдауда. Бүгінгі таңда орталыққа 12 473 – ға жуық өтініш келіп тіркелген. Бұл бойынша қала әкімдігі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Сержан Нарбек баяндап өтті.
Қала басшысы әр баяндамашыны тыңдап, облыс және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша бірқатар орындалмаған мәселелерді атап өтті. Жұмысы жүйеленбеген басшыларға қатаң шаралар көрілетінін ескертті. Әрбір мәселенің артында қала тұрғындарының жағдайы тұрғынын тілге тиек етіп, жұмысты ширатуды тапсырды.