Жедел-алдын алу шарасы шеңберінде Түркістан қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары шаһардағы “Түркістан жоғары медицина” және «Яссы» колледжінің жатақханасында профилактикалық шарасын өткізді.
Шараның негізгі мақсаты- студенттер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу.
Жиында студенттерге және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүруі, 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында (компьютерлік клубтарда отыру) жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, қайталанған жағдайда айыппұл салынатыны айтылды. Тәртіп сақтамаған жасөспірімдер арнайы есепке алынатыны ескертілді.
Сонымен қатар, колледж басшылығына, топ жетекшілеріне әр баланың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, тәрбие сағаттарында құқықтық тәрбиелеуге, профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажеттігі жөнінде ұсыныс берілді.
Басқарма тарапынан қазіргі уақытта жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.