Түркістан станциясы желілік полиция бөлімшесінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1-9 күндері аралығында «Абайлаңыз поезд» акциясын өткізді.
Акция аясында желілік полиция қызметкерлері темір жол үстіндегі өткелдерден өтетін қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мамандар темір жолға жақын орналасқан мектертерде оқушыларға темір жолдан өткенде өте сақ болуларын айтып, жол қауіпсіздігі тақырыбында дәріс өтуде.
Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесі ЕСКЕРТЕДІ:
•Темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынған;
•Темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру қажет;
•Темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздардың жоқтығына көз жеткізіп барып белгіленген жерден ғана өтуге болады;
•Темір жолды өту кезінде құлақ қаппен ұялы телефонды пайдалануға,
тұрған вагондарға шығуға болмайды және темір жол электрлендірілген оның қуаты 27000 вольт.
Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыларға сақтық ережелерін қатаң ұстанып, жол үстінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырады.