Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Аудан басшысы алдымен жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап, алғашқы кездесуде Қажымұқан ауыл округінің тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстардың орындалу барысына тоқталды.
Атап айтар болсақ, бас-аяғы 58 ұсыныс білдірілген. Оның 18-і орындалған. 27-сі орындалу үстінде және 13-і 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген. Ұсыныстардың 25-сі коммуналдық салаға бағытталса, 19-ы ауылшаруашылық және жер қатынастарына тиесілі. Қалғаны басқа салалар бойынша.
— Ордабасы ауданындағы барлық ауылдар бойынша арнайы карта жасап, мәселелерді зерттеп, зерделеп шықтық. 2027 жылға дейінгі арнайы кешенді жоспар дайындадық. Есеп-қисабын да шығардық. Қысқасы, көрсетілген жылға дейін барлық негізгі мәселелерді шешу үшін 152 млрд.тг.керек болса, Қажымұқан а/о бойынша 28 млрд.тг.қажет. Оларға Сіздердің біраз уақыттан бері көтеріп жүрген негізгі мәселелеріңіз еніп отыр. Яғни, барлығы рет-ретімен шешілетін болады. Су жоқ жерге су тартылады, газ жоқ жерге газ жеткізіледі, асфальт жоқ жерге асфальт, топырақ жоодарға тас төселеді, әлеуметтік нысандар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіледі, каналдар бетондалады, механикалық тазалаудан өткізіледі, тағысын-тағы, — деді аудан басшысы.
Кездесудің екінші бөлігі сұрақ-жауапқа арналды.Тұрғындар өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Оның ішінде жер кезегі, ортақ жайылым, жарықтандыру, абаттандыру жайы қамтылды.
Шара соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.