Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Бүгін ауданға қарасты Бөржар ауылдық округінің Теспе, Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді.
Бұл игілікті қос ауылдың қуанышына аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы Бөржар ауылдық округінде 12 мыңнан астам халық тұрса, Теспе мен Ықыластемір ауылдарында 1800-ге тарта түтін бар.
Теспе ауылына тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асады және 104 абонентті құрап отыр. Ал, Ықыластемір ауылына 7 шақырымға жуық газ құбыры тартылса, оларға 169 абнент қосылған.
Ордабасы ауданында 7 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Яғни, көрсеткіш 18,5 пайызды құрайды (22 876 адам). Теспе және Ықыластемір ауылдарын қосқанда 9 елді мекенді құрады. Осылайша, 2022 жылдың қорытындысымен 24 574 жеке тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, көрсеткіш 19,6 пайызға жетіп отыр.
Ағымдағы жылда Ордабасы ауданы бойынша 24 елді мекенде 28 нысан (газдандыру) құрылысы жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы 24 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған жағдайда барлығы 69 952 адам (57,3%) табиғи газға қол жеткізбек.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі