САЙРАМ: ҚҰТАРЫСТА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙРАМ: ҚҰТАРЫСТА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

25.05.2022
Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ҚҰТАРЫСТА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Құтарыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен жиында аудан басшысы тұрғындармен 2022 жылдың ІІ тоқсанында өткен кездесуінде көтерілген жеке мәселелердің нәтижесіне тоқталды. Олардың ішінде бірқатар мәселелер шешімін тапқанын, ал қалғандары бақылауда тұрғанын айтты.
Атап айтқанда,
1. Құтарыс елді мекенінде С.Сейфуллин көшесіндегі электр бағаналарын жөндеу.
— Аталған көшеге электр трансформаторы демеушілер есебінен орнатылып, тозығы жеткен 2 дана электр бағанасы ауыстырылды.
2. «Қызыл сай» каналын механикалық тазалаудан өткізу.
— «Қызыл сай» каналының елді мекен ішінен өтетін қажетті 2,5 шақырым бөлігін механикалық тазалаудан өткізілді.
3. Құтарыс ауылында медициналық амбулатория салу.
— Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Ауылдық жерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша 120 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Құтарыс ауылындағы медициналық амбулатория құрылысы аталған бағдарламаға енгізілді.
4. Оймауыт елді мекеніндегі 5 шақырым тас жолды күрделі жөндеуден өткізу.
— Оймауыт ауылына баратын 5 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарына 109,0 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін тиісті құжаттар тапсырылған. Алдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
5. Құтарыс ауылдық округіндегі елді мекендерде интернет желісін жылдамдату.
— Өңіраралық байланыс инспекциясы тарапынан интернет жылдамдығы тексеріліп, зерделенді. Құтарыс елді мекенін интернет жылдамдығын қайта модернизациялауға облыстық цифрландыру басқармасына ұсыныс енгізілді.
6. «Мұсабек» каналының басына шлюз орнату және бетондау жұмыстарын жүргізу.
— Аталған каналды бетондау және шлюз орнату бойынша жоба жасау үшін облыстық салалық басқармаға тиісті құжаттар ұсынылды. Қаржы мәселесі қолдау табылған соң, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
7. Құтарыс ауылдық округінен Қарабұлақ ауылындағы ауруханаға баратын жолды жөндеу.
— Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-і тарапынан орташа жөндеуден өтті.
8. Елді мекен тұрғындарына Құтарыс-Ақсукент бағытында қоғамдық көлік қызметін ұйымдастыру.
— Шымкент қаласынан Құтарыс ауылына қарай бағыттағы жолаушыларды тасымалдау қызметі көрсетілуде. Өйткені, жергілікті тұрғындардың негізгі бөлігі Шымкент қаласына қатынап, жұмыс істейді. 2020 жылы аудан орталығынан Оймауыт пен Құтарыс ауылдарына күніне 1 рет қатынайтын шағын автобус жүргізілген. Бірақ, Ақсукент ауылына келетін тұрғындардың болмауына байланысты, аталған бағыт тиімсіз болуына байланысты жабылған. Қазіргі таңда тұрғындардың сұранысы бойынша аталған бағытты қайта ашу үшін бюджеттен субсидиялау мәселесі қарастырылуда.
Бүгінгі өткен кездесуде тұрғындар аудан әкімінің ықпалымен бюджет және демеушілер есебінен шешімін тапқан мәселелерге дән ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, көкейлеріндегі жеке мәселелерін де жеткізді.
Осы ретте, ауыл тұрғындарының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін коммуналдық жүйелермен қамту, жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жол қауіпсіздігін сақтау үшін жол кедергілерін орнату, каналдарды механикалық тазалаудан өткізу секілді бірнеше мәселе болды.
Аталған мәселелер бойынша заңға сәйкес түсіндіріліп, жауаптары ұсынылып, бақылауға алынды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ӨМІРДЕН ӨТКЕН СЫНЫПТАСТЫҢ ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА АСАРЛАТЫП БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.