Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтуде. Жәрмеңкеде бас қаланың тұрғындары мен қонақтарына 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері 15-20% төмен бағада ұсынылған. Дәстүрлі түрде өтетін жәрмеңкеге Төлеби ауданынан 25 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жіберілді. Айта кетерлігі, ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жәрмеңке тамыз айының 27-28 күндері жалғасатын болады.