Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігімен аудандық прокуратураның бірлескен жиыны өтті.
Жиынға Бәйдібек ауданының прокурорының орынбасары Ғ.Тұрманов, аудан әкімінің орынбасары Б.Қырғызалиев, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиаланың басшысы С.Спабеков, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округі әкімдері мен агроқұрылым басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қалиеваға «Жайылым жерлердің ауыл тұрғындарына қол жетімділігі немесе ортақ жайылым жерлердің мәселесі» жөнінде баяндама жасады.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша агроқұрылым басшылары мен өкілдері бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қойылған сұрақтарға аудан прокурорының орынбасары Ғ.Тұрманов пен аудан әкімінің орынбасары Б.Қырғызалиев және бөлім басшысының міндетін атқарушы А.Қалиева жауаптар беріліп, бірқатар кеңестер айтылды. Ұсыныстар назарға алынып, қосымша жұмыстар жүргізу жөнінде хаттамаға енгізілді.