Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы жер түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Түгендеу жұмыстары қаланың орталық аумағын 9-секторға бөлу арқылы жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда:
1-секторға Сейфуллин –Уәлиханов — Әл-Фараби — Құралбаев көшелерінің аумағы;
2-секторға Сейфуллин – Құралбаев — Қонаев көшелерінің аумағы;
3-секторға Сейфуллин – Яссауи — Момышұлы -Қонаев көшелерінің аумағы;
4-секторға Абай –Яссауи — Момышұлы-Қонаев көшелерінің аумағы;
5 -секторға Абай даңғылы – Әл – Фараби — Төле би — Уалиханов аумағы;
6-секторға Абай даңғылы-Әл-Фараби-Рыскулов-Уалиханов көшелерінің аумағы;
7-секторға Абай даңғылы – Алтынсарин – Яссауи — Әл Фараби көшелерінің аумағы;
8-секторға Абай даңғылы – Яссауи даңғылы — Момышұлы-Әл Фараби көшелерінің аумағы;
9-секторға Сейфуллин – Яссауи даңғылы – Момышұлы – Құралбаев көшелерінің аумағы жатады.
Бөлім мамандарының жүргізген жұмыстары нәтижесінде, аталған аумақтан жалпы саны 181 кәсіпкерлік нысандағы жер телімі анықталған. Олар:
Қабылдау актісі берілмеген (АКТ ПРИЕМКА) кәсіпкерлік нысандар саны — 14;
Қабылдау актісі берілген, қазіргі таңда қолданыстағы кәсіпкерлік нысандар саны -91;
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жер телімінің саны-10;
Игерілмей бос жатқан жер телімінің саны — 66.
Қазіргі таңда қала аумағындағы түгендеу жұмыстары жалғасын табуда.