«Шұғыла» мөлтек ауданына тартылғын 450 мм. суаққының (водовод) екі су құбыры желісінің құрылысының сапасыз орындалуы және сапасыз материалдар қолдануы салдарынан мәселелер туындап келді.Тұрғындарды ауыз сусыз қалдырмау мақсатында сала мамандары «Шұғыла» мөлтек ауданына қаладағы Жұмабаев көшесі бойындағы құбырдан және Жүнісов көшесі бойындағы құбырдан ауданның үшінші көшесі арқылы су беріп келді.
Алайда, қала басшылығының тапсырмасына орай, мердігер мекеме 2 ай көлемінде проблеманы шешу қажет болатын. Бүгінгі таңда, Шұғыла мөлтек ауданының 450 мм су құбырын ауыстыру жұмыстары басталды. Тиісті жұмыстар аяқталған соң аталған мекендегі тұрғындар 24 сағат үзіліссіз ауыз сумен қамтылатын болады деп күтілуде.
Бүгінгі күні, қала тұрғындарына күнделікті тәулігіне 32 000 м3 су берілуде. Оның 11 000 м3-ы жаңа құбыр арқылы, 21 000 м3-ы ескі су құбыры арқылы берілуде.
Қалалық «Ащысай Су» КММ тарапынан абоненттерге су өлшегіш құралдарын орнату бойынша анықтау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 2251 абоненттің тіркелмегені анықталды. Қазіргі таңда тіркелмеген абоненттердің құжаттары заңдастырылып, тіркеу жұмыстары атқарылуда. Анықтау жұмыстары жалғасын табуда.
2021 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша Кентау қаласы мен елді мекендер бойынша барлық абоненттер саны-23 085 құраған болса, ағымдағы жылы абоненттер саны 25 831-ді құрады.
Әр жылдың жаз айларында Байылдыр елді мекенінің жоғары орналасқан көшелерінде су қысымы төмендеп, сумен қамту проблемасы пайда болып, су кестемен берілген болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тапты.
Дәл осы секілді, Қарнақ ауылының Шаштөбе елді мекенінде 6 ай бойы сумен қамтуда мәселе орын алған болатын. Қазіргі таңда, су тазарту стансасынан тартылған 200 мм су құбырының ақауларына тексеру жүргізілу барысында, осы құбырдың жарамсыз болған 15 м. бөлігі және осы елді мекеннің Шаштөбе көшесінде 100 мм. 150 м су құбыры ауыстырылып ауыз су жетіспеушілігі шешіліп, қалыпқа келтірілген.