Наурыз және тамыз айлары аралығында қала аумағында ағаш көшеттері әктеліп, 5714 дана көп жылдық гүлдері және 72640 дана бір жылдық гүл шоқтары отырғызылған. Қала аумағындағы 500-ден аса демалу орындықтар, қоқыс жәшіктер және жол жағасындағы бордюрлер сырланған. Көше бойындағы ағаштарды қырқу, жасарту, тазалау шаралары күнделікті кестеге сәйкес жүргізілуде.
«Жалпы, Кентау қаласы жасыл желекті мекен болып табылады. Дәл қәзіргі таңда, қалада шырша талының 4 түрі бар. Соның бірі арша (можжевельник) белгісіз ауруға ұшырап қурап кетуде. Бұл бойынша сала мамандарымен кеңесе отырып, емдеу жұмыстары жүргізілуде. «Бұл жағдай тек Кентау қаласында ғана емес, өзге аудан-қалаларда да орын алып жатқандығы анықталды» дейді Кентау қалалық «Жасыл қала» КММ-нің директоры М.Гайруллаев
Қала аумағында жалпы 6750 м2 жасыл желек бар. Оларды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда. Қала бойынша 9 субұрқақтар (фонтан) ретке келтіріліп, жаз бойына іске қосылып жұмыс жасауда.
«Тұрғындар тарапына 251 шағымдар мен өтініштер келіп түскен. Барлық арыздар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда» дейді мекеме басшысы. Қала ішіндегі көшелердің жасыл желектері мен ағаштарын ретке келтіру қурағандарын қырқу, шөптерді ору, аллея, «Тәлімбақ», саябақтар, жаяу жүргіншінің жолдарын ішіндегі шөптерді тазалау шаралары бойынша төртінші орымы орылып, қырқылып, қайта жалғасын табуда.
Қаланың абаттандыру және көгалдандыру шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары басшылықтың жіті назарында. Алдағы күз айларында қуараған алдардың орнына тал отырғызу жұмыстары жүзеге асырылу жоспарланған.