ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

07.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың кезекті халықпен кездесуінде тұрғындар көп терген түйткілді мәселелер талқыланды. Монтайтас ауылдық округіне қатысты Шағыр елді мекенінде өткен жиынға Арыс ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиев пен қалалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Жебел Достанов және әкімдіктегі жауапты сала мамандары қатысып, көпшіліктің сұрақ-сауалдарына нақты жауаптар берілді.
Арыс әкімі Шағыр елді мекеніндегі мектеп ауласында жеке кәсіпкер салып жатқан спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Мектептің акт залында ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, іске асырылған және жоспарланған жұмыстар жайында баяндады. Ауыл тұрғындарының ұсынысына сәйкес, Шағыр мен Ақтас, Қабылсай елді мекеніндегі бірнеше көшеге жақын күндері тас төселеді. Ал Атамекен елді мекеніндегі 10 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасына ұсыныс берілген. Жұмыстар 2023 жылы жүргізілетін болады.
Сонымен қатар басқосуда тұрғындар тарапынан электр қуатының әлсіздігі мен желілер мен бағаналардың ескіргені, Арысқа қатынайтын қоғамдық көліктің ауыл ішімен жүруі, интернет байланысының нашарлығы сынды әлеуметтік мәселелер айтылды. Қала әкімі мен саланың жауапты мамандары тарапынан ешбір сұрақ ескерусіз қалмады. Сондай-ақ, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары тұрғындар пікірі назарға алына отырып, қызу талқыланды.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың Монтайтас ауылына қарасты Шағыр елді мекенінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары үй мен қора жайын құжаттандыру үшін Арыс пен ауыл арасында көп сабылып, шығынданатынын айтып шағымданған болатын. Әкім бұл мәселені шешудің тиімді жолын айтты. Жыл басынан бері әкімдіктің салалық құрылымдарындағы жауапты мамандардан арнайы жұмысшы топ құрылған. Бұл жұмыс оң нәтижесін беруде.
— Бұл тапсырманы орындауды Монтайтас ауылының әкіміне елдің көзінше жүктеймін. Жұрт құжатын реттеу үшін қалаға қарай сабылып жүрмеуі тиіс. Керісінше, мамандар ел аралап, қалың елдің арасында жүрсін. Тұрғындар цифрлық қолтаңбамен қол қоятын кезде ғана Арыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Ал жергілікті әкімдік азаматтардың қалаға барып-қайтуын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуі тиіс, – деді қала әкімі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА «АУЫЛ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН САХНАСЫНДА ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.