Түркістан облысында Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті. Түркістан облысы әкімдігі және «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту, осы арқылы бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу.
Іс-шараға облыстық Прокуратура, Мемлекеттік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, саладағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасады.
Жиын соңында, есеп беру қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылданды.
Аталған іс-шараға аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, сонымен қатар бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.