ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

21.09.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Түркістан облысындағы диқандардың талабын жеткізу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен халықаралық мақта саудагерлерімен (мақта сатып алатын трейдерлер) кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Халықтың уәжін жеткізген Түркістан облысының әкімі зауыт басшыларына бірқатар талап қойды.
— Сіздермен бірге маңызды мәселені талқылап, ортақ мәмілеге келу үшін арнайы кездесіп отырмыз. Шаруалармен кездесуімде олар мақта шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелерді ортаға салды. Бірден айтайын, біз — халықтың жағындамыз. Мен халықтың уәжімен келісемін. Сіздерді түсінеміз. Дегенмен, халықтың жағдайын ойласаңыздар. Шаруалар бейнетпен өсірілген ақ алтынның биылғы бағасының төмендігімен келіспей отыр. Кездесуде мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, секілді жайттарды айтты. Зертханалар мақта сапасын қасақана түсіреді деді. Мұндай жағдайларға жол берілмеу керек. Жалпы, келешекке сіздерді тек мақтаны тазалап, сатпай, қайта өңдеумен айналысуды қолға алуға шақырар едім. Тігін фабрикалары ашылса, көп мәселе шешіледі. Шаруаларға да тиімді, ішкі нарық артады. Жұмыс орындары да ашылады. Осы істі қолға алсаңыздар, біз қолдауға дайынбыз,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы ірі зауыт иелеріне мақтаны тазалаумен қатар, қайта өңдеумен айналысуды ұсынды. Тараптар ортақ мәселелерді ортаға салып, нәтижесінде шитті мақтаның бір тоннасына бүгіннен бастап шаруаларға 250 мың теңгеден алдын ала төлем (аванс) жасайтын болды. Соңғы баға биржаға байланысты болады.
Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді, Ливерпуль биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өңірде 21 мақта өңдеу зауытының 200-ден астам мақта қабылдау бекеттері бар.
Бүгінде мақта өндіруші компаниялар тікелей халықаралық мақта саудагерлерімен (мақта сатып алатын трейдерлер) жұмыс істейді. Ал, трейдерлер мақта талшықтарын сатып алу бойынша алдын ала келісім шарт жасап, қаржыландырады. Сол себепті, мақтаны шикізат күйінде сатып алуға қажетті қаражаттың барлығы дерлік жеке инвестициялар деуге болады. Жиынға келген мақта зауыттарының басшылары дәл қазіргі кезде сұраныстың жоқтығын алға тартты. Баға — мақта сапасына байланысты екенін мәлімдеді.
Жалпы биыл облыста 125 мың га астам алқапқа мақта егілген. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 26,2 центнерден 330 мың тоннадан астам жиналады деп болжануда. Бүгінгі күнде облыста 16 мың тонна мақта жиналды. Жиын-терім жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді.
Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы орташа 320 — 380 мың тг. қабылданып, Ресей, Қытай, Түркия, Латвия, Молдова, Беларусь, Германия, Бельгия елдеріне 68 мың тн мақта талшығы экспортталды. Ал, қалған 19 мың тн мақта талшығы ішкі нарыққа сатылды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді.
Мемлекет тарапынан күзгі жиын терім жұмыстарына 48 мың тн. жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) және 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 % -ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді.

 

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АТА ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР КӨПІРІ САЛЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТУРКЕСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ВСТРЕТИЛСЯ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ ХЛОПКОЗАВОДОВ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.