«AMANAT»: ФРАКЦИЯДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 27 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«AMANAT»: ФРАКЦИЯДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

14.09.2022
Жаңалықтар
0
«AMANAT»: ФРАКЦИЯДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясының кезекті мәжілісінде елді мекендердің өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ауылды жерлерге мәдениет үйлерін және кітапханалар салу сондай-ақ күрделі жөндеуден өткізу, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, облыс бойынша жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының барысы оның ішінде жайылым жер тапшылығы, ұялы байланыс және интернет желісінің сапасы, оны зерделеу жұмыстарының қорытындысы жөнінде жалпы 4 мәселе талқыланды, деп жазады «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, фракция мүшелері, жауапты басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев Түркістан облысының аудандарында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 14 мәдениет үйі мен кітапхана құрылысының басталғанын айта келе:
— Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша халықтың әлемдік және отандық мәдениет туындыларына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде ірілі-ұсақты 22 мыңға жуық іс-шара өтті. Биыл мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына – 2022» өнер фестивалі өтіп, Түркістан облысы 2022 жылғы «Рухани өлке» статусына ие болды. Сондай-ақ облыс аумағындағы кітапханалардың қоры 35 677 жаңа кітаппен толығып, жалпы қор 6 млн. 31 мың данадан асты,-деді.
Сонымен қатар, биыл мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай облыстық ғылыми-әмбебап «Фараб» кітапханасында «Ақиық азамат!» атты апталық өтіп жатқанын хабарлады. Аталмыш шара 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара шеңберінде ұлт жанашырының әдебиеттері мен баспасөз беттеріндегі мақалаларына шолу жасалып, кеңінен насихатталмақ.
Мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілегеннің баяндамасы тыңдалып, фракция мүшелері елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өткен 2021 жылы жерлерді қайтарудағы негізгі басымдық жайылым өте тапшы 133 елді мекенге берілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 135 мың гектар жайылым жер ауыл әкімшіліктерінің теңгеріліміне бекітілген. Фракция жетекшісінің айтуынша жайылым жерлерді кеңейту және оларды қайтару мақсатында облыстық партия филиалы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясы және жауапты орындармен бірлесіп өңірде ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Екі бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әзірге 521,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Ал, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаев өз баяндамасында биыл аймақтағы 152 елді мекендегі мобильді интернет сапасын арттыру мақсатында базалық станция іске қосу жоспарымен бөлісті. Қазірдің өзінде 51 елді мекенге жаңа базалық станция іске қосылған. Қалған 101 ауылдағы интернет сапасын арттыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Дегенмен, фракция мүшелері облыс аумағындағы, әсіресе қала сыртындағы интернет сапасы сын көтермейтінін білдіріп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек те атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жиын қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер, көтерілген сауалдар бойынша қаулы қабылданып, сессияның қарауына ұсынылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ МИ ІСІКТЕРІН ЕМДЕУДЕ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ТӘСІЛ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
451

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.