ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРІП, МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРІП, МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

26.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРІП, МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП  ЖАТЫР

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы 5 мыңға жуық халқы бар Келтемашат ауылдық округіне 7 елді мекен қарайды. Соңғы жылдары аталған округте тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі – ауылдық мәдениет үйінің болмауы. Аталған мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады. Биыл округ орталығы Кершетас ауылынан 100 адамға шақталған мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Бүгінгі таңда мәдени нысан түсетін орынның жері тегістеліп, қазаншұқыры қазылуда. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Осы және басқа да округ аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге аталған округте іссапармен болып, ауылдарды аралады. Бірінші кезекте мәдени нысанның құрылысында болған аудан басшысы жауапты мердігерге жұмысты мерзімінен кешіктірмеу мақсатында ескерту жасап, жауапты бөлімге қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.
Кершетастағы Қ.Жандарбеков мектебі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мұнда 458 оқушы білім алады. Бүгінгі таңда әрлеу жұмыстары мен қатар, есік пен едендерін ауыстыру, жылу, желдету, кәріз жүйелерін ауыстыру-жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар күрделі жөндеу барысында білім ордасының шеберханасы да толық жөндеуден өтіп, алды абаттандырылып, айналасына толық асфальт жабындысы төселеді. Мектептің ішкі әрлеу жұмыстары жаңа оқу жылына толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, сыртқы жұмыстары қыркүйек айының орта тұсында аяқталмақ. Аудан басшысы нысанды жауапты мердігермен бірге толық аралап, анықталған кемшілік тұстарын ретке келтіруді тапсырды.
Ауданда КХ-71 облыстық маңызы бар жол да жөнделіп жатыр. Округтың арғы басынан аяғына дейінгі 26 шақырымды алып жатқан жолдың құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталып отыр. Яғни, қазіргі таңда екі қабат болып төселу керек асфальт жабындысының бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатының 11 шақырымы төселіп қойған. Бұдан бөлек елді мекендер аумағындағы 6,4 шақырымына аяқ жол салынған. Аталған мәселе де округ тұрғындары тарапынан көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі болатын. Бүгінде өз шешімін тауып жатыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 390 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МЫҢ ОҚУШЫҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.